Алматыда жаңадан салынып жатқан мектеп ғимараты жанып кетті

03.06.2020

Алматыда құрылысы жүріп жатқан жеке меншік мектептің ғимаратынан өрт шықты. Қызыл жалынның үлкен аумақты шарпығаны соншалық, қаланың әр бұрышынан түсірілген фото және бейнежазбалар әлеуметтік желілерге тарап кетті. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат түскі екілер шамасында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Артынша аталған мекен жайға жеткен өрт сөндіру бригадасы тез арада тілсіз жауды ауыздықтады. Оқиға орнында 17 маман, 4 техника жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.

Жазриа ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу