Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

11.05.2023

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді. Сол жағалауда бой көтеріп жатқан ғимарат қара түтінге оранған видео әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап кетті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер, тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанғанын хабарлады. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтаған, зардап шеккендер жоқ деді.  

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу