Балқаш қаласының маңынан мина табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласының маңынан мина табылды

25.08.2014
Балқаш қаласының маңынан мина табылды

Балқаш қаласынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан Тоқырау станциясының маңынан танкіге қарсы қолданылатын бір мина мен 39 артиллериялық снаряд табылды.

 Оны кездейсоқ көріп қалған жергілікті тұрғындар  хабарлаған. Жарылғыш заттарды сол өңірде орналасқан әскери бөлімдердің бірінің саперлері қауіпсіз жерге алып кетті.

Бұрын  Тоқырау станциясы маңында №89/533 әскери бөлімнің қару-жарақ сақтау қоймалары болған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу