Қостанай қаласындағы құрылыс аумағынан мина табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай қаласындағы құрылыс аумағынан мина табылды

15.08.2014
Қостанай қаласындағы құрылыс аумағынан мина табылды

Қостанайда «БК-Строй» құрылыс компаниясының аумағында жарылғыш зат табылды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Оқиға орнына жеткен мамандар көрген затты минометті снаряд сияқты сипаттап берді. «Арлан» арнайы әрекет ету құрылымы саперларының тексерісінен кейін оқу мақсатында пайдаланылатын мина екені анықталды», - делінген хабарламада.

Тексеру жұмыстары жүрген уақытта аумақты полицейлер қоршауға алды. Мина сыртқа шығарылды. Саперлар аумақты тексеріп, басқа жарылғыш зат таппаған.

Хабарламаларға жазылу