Талдықорғанда қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қару-жарақ табылды

29.04.2014
Талдықорғанда қару-жарақ табылды
Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданының гараждарының маңынан қару-жарақ табылды. Қауіпті заттарды қала тұрғыны тауып, дереу тәртіп сақшыларына хабарласқан.
 
Оқиға орнына барған «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жарылғыш заттардың бар екенін растап, маңайды қоршауға алды. Ол жерден 2 оқыту әуе бомбасы, жарылғышсыз екі миномет снаряды, бір Ф-1 гранатасы, ірі калибрлі әуе пулеметінің 2 гильзасы және жиырма 5,45 мм калибрлі оқ табылды.
 
Қазір бұл қару жарақтарды ол жерге кім, қалай  әкелгені анықталуда. 
 
Жанар Төлегенқызы, облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы: 
Талдықорған қаласынан оқ дәрілер мен граната табылды. Гранаталардытот басқан. Сол себепті «Арлан» арнайы мақсатты бөлініс қызметкерлері әскери полигонда жойды. Ал қалған оқ дәрілер тиісті сараптама тағайындау үшін Алматы облысы бойынша әскери-тергеу басқармасына жолданылды. 
 
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу