Контрабандалық тауар тәркіленді
Ақтөбе облысында Ресейге заңсыз қара металл алып өтпек болған азамат ұсталды. Ол МАН жүк көлігіне Шымкенттен тиеп алған 20 тонна темірді Башқұртстанға жеткізбек болған.
«Жайсаң» бақылау бекетінің шекарашылары жүргізуші құжаттарының түгел болмағанын анықтады. Нарықтағы құны 2 миллион теңге болатын контрабандалық тауар тәркіленді. Ресей азаматы қазір тергелуде.
Ел көлемінде маусым айынан бастап қара және құнды түсті металдарды қабылдауға, шетелге сатуға уақытша тыйым салынды.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06
Қыстың күні жолда қалғанда не істеу керек?
12.02.2026, 20:05