Ақтауда 800 мыңнан астам қорап контрабандалық темекі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 800 мыңнан астам қорап контрабандалық темекі тәркіленді

27.01.2023

Ақтауда 800 мыңнан астам қорап контрабандалық темекі тәркіленді.

Заңсыз тауар Иран мемлекетінен Ақтауға теңіз порты арқылы жеткізілген. Тасымалдау құжаттарында жарық диодты шамдар деп жазылып тұрған. Алайда тексеріс кезінде контейнерге шет елде өндірілген темекі тиелгені анықталды. Тауар Въетнамдық компаниядан Алматылық жеке кәсіпкерге жіберіліпті.

Алдын-ала есеп бойынша, мемлекетке 300 млн теңге шығын келтірілді. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу