Шымкенттіктер Кеңес Одағының Батырын соңғы сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттіктер Кеңес Одағының Батырын соңғы сапарға шығарып салды

12.07.2014
Шымкенттіктер Кеңес Одағының Батырын соңғы сапарға шығарып салды

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауымбаев қаза тапты. Соғыс ардагері 93-ке қараған шағында өмірден озды. Бүгін «Даңқ» мемориалында өткен қаралы жиында оңтүстік халқы атпал азаматын ақтық сапарға шығарып салды.

Өңір басшылығы мен зиялы қауым өкілдері, марқұмның алыс-жақын туыстары қарт жауынгерінің өшпес ерлігін еске алып, қоштасты. Айта кетейік, Тоғанбай Қауымбаев 1922-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданындағы Шымқорған совхозында туған.

1942 жылы майданға аттанып, Днепр өзені маңында ерлік көрсеткен. Генерал Сабыр Рақымов қолбасшылық еткен дивизияда жауға қарсы шайқасты. Сөйтіп, небәрі 22 жасында қаһармандық танытып, Кеңес Одағы Батыры атанды.

Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Жетпіс жылдықта аман болып, соның ортасында болса деген арманымыз бар еді. Бірак, құдайдың тіршілігіне пәлен деуге болмайды. Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, деп айтқымыз келеді.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу