Жетісу жұрты қазақтың «Тақиялы періштесін» соңғы сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу жұрты қазақтың «Тақиялы періштесін» соңғы сапарға шығарып салды

20.01.2021

Бүгін Жетісу жұрты қазақтың «Тақиялы періштесін» ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттары оқылды. Ұлттық кино тарихында Тайлақ образымен көрермен көңілін жаулаған талант иесінің есімі барша қазақстандықтың жадында мәңгі сақталмақ. Ендігі парыз кейінгі ұрпаққа ұлтының біртуар перзентінің шығармашылығы мен өмір жолын үлгі етіп, есімін ұмыттырмау, деді жиналған қауым. 

Гүлжауар Айтжанқызы, Ә.Райымбековтің жары:
Халықтың адамы. Артындағы бала-шағасына майын шашсын. Аман болайық, арты той болсын! 

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу