Алматы жұрты танымал актер Владимир Толоконниковты соңғы сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жұрты танымал актер Владимир Толоконниковты соңғы сапарға шығарып салды

17.07.2017

Лермонтов атындағы академиялық мемлекеттік театрда еңбек еткен ол 75 жасында дүние салды. Белгілі актер Владимир Толоконниковты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне туған-туыстары мен әріптестері, дос-жарандары мен көрермендері жиналды. Әртіс соңғы демі шыққанша киелі сахнаға адал еңбек етті. Лермонтов атындағы драма театрда 40 жыл еңбек етті. Елімізде және шет елде түсірілген бірнеше фильмге де түсті. Оның кинодағы ең сүбелі рөлі «Собачье сердце» картинасы еді.  Жақындарының айтуы бойынша, әртіс Мәскеуде жерленеді.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу