Таласбек Әсемқұловты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таласбек Әсемқұловты ақтық сапарға шығарып салды

29.09.2014
Таласбек Әсемқұловты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматы жұртшылығы белгілі жазушы, драматург, музыкант Таласбек Әсемқұловты ақтық сапарға шығарып салды. «Қазақфильм» киностудиясында өткен қаралы жиынға келген зиялы қауым өкілдері жазушының жақындары мен ағайын-туғандарына көңіл айтты.

Өнері де, жазуы да ешкімге ұқсамайтын Таласбек Баймұхамедұлы 1955 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай темір жол станциясында дүниеге келген. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітіріп, еңбек жолын Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу