Павлодарлық 1500 студент еңбек жасағында жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық 1500 студент еңбек жасағында жұмыс істейді

01.07.2014
Павлодарлық 1500 студент еңбек жасағында жұмыс істейді

«Жасыл ел» сарбаздары қатарына биыл павлодарлық 1500 студент қабылданды. Олар жылдағыдай ауыл-аймақтарды көгалдандыруға, көріктендіруге және құрылыс нысандарын салуға қолғабыс жасайды.

Әр студент 45-60 мың теңге аралығында еңбекақы алатын болады. Былтырғы жылы республика бойынша павлодарлық еңбек жасақтары «Үздік экологиялық жоба»  бағдарламасында  бірінші орынға ие болған.

Биыл да сол межеден шығамыз, деп отыр. Тіпті, «Аграрлық-биологиялық» бағытта ғана жұмыс істейтін арнайы топ құрылған. Олар негізінен экологиялық қауіп-қатердің алдын алумен айналысады.

Ержанат Равдал, студеттік жасақ сардары:

Қаладағы кеуіп, шіруге айналған ағаштарды тазалаймыз. Жас көшеттер отырғызамыз. Бұл ең қарапайым жұмыстар. Негізі бұл индустриялық аймақ болып саналатындықтан, ауаның, судың, көшенің таза болуы өте маңызды. Біз осының бәріне атсалысамыз. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу