Павлодарлық оқушылар «Ертіс орманы» резерватының тұқымбағында жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық оқушылар «Ертіс орманы» резерватының тұқымбағында жұмыс істейді

20.07.2015
Павлодарлық оқушылар «Ертіс орманы»  резерватының тұқымбағында жұмыс істейді

 

1 маусым-31 шілде аралығында Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Шақа мектебінің «Жасыл әлем» мектеп орманшылығының 14 жастағы 12 оқушысы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай филиалы тұқымбағында жұмыс істейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Орманды қорғау, елді мекен мен мектеп жанындағы учаскені көріктендіру, көшеттер отырғызу, ағаштарды өсіру және күту жұмыстарына қатысатын жас орманшыларға 20 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

Жастардың ішінде бас орманшы мен екі көмекші бар. Оқушылар Бесқарағай филиалымен бірлесіп, фенологиялық зерттеулер жүргізеді.

Айта кетейік, мектеп орманшылығы 2011 жылдың 17 сәуірінен бастап жұмыс істейді. Оған 68 квартал орман учаскесі бекітілген. 1 гектар аумаққа көшеттер отырғызылса, 0,5 гектар мектеп учаскесін дендробақ алып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу