Өнер саласындағы ұстаздардың жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер саласындағы ұстаздардың жалақысы өсті

31.08.2022

Мәдениет және өнер саласындағы ұстаздардың жалақысы өсті. Бұл туралы Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова мәлімдеді. Оның айтуынша 13-тен 16 жылға дейін еңбек өтілі бар профессорлар бұған дейін 270 мың теңгедей жалақы алса, енді 435 теңге жалақы алады. Осындай еңбек өтілі бар доценттердің де айлық ақысы 400 мың теңгеге жуықтаған. Мұнымен қоса, оқытушылардың да жалақысы өскен. Биыл мұндай білім беру ұйымдарына барлығы 2365 білім гранты бөлінді. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 10 оқу орны жұмыс істейді. Олардың ішінде ұлттық мәртебесі бар төрт жоғары оқу орны бар. Онда 10 мыңға жуық студент білім алады.

Роза Кәрібжанова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы:
Жалпы өнер саласындағы оқу орындарындағы мұғалімдердің емес, жалпы театр кино, біздің бар өнер саласындағы табыстарын арттыру бағдарламасы Үкіметпен бікітілген. Сондықтан бұл жұмыс өзінің жалғасын табады.


Хабарламаларға жазылу