Қызылорда облысында еңбек маусымының ашылуына орай «Сенің еңбегің – сенің ертеңің» атты салтанаты шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында еңбек маусымының ашылуына орай «Сенің еңбегің – сенің ертеңің» атты салтанаты шара өтті

23.07.2019

Сыр өңірінде жаз бойы мың жарымға жуық жас маусымдық еңбек жұмыстарына тартылмақ. Бүгінде аймақтағы «Жасыл ел», «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтарына жолдамалар табысталып, оқушылар мен студенттер бос уақытын тиімді пайдалануда.

Жазғы демалысқа шыққан қызылордалық жастардың еңбек етуге деген ынтасы зор. Әсіресе «Жасыл ел» жасағына қабылданғысы келетін қыз-жігіттердің қарасы қалың. Туған жерін көркейтіп, көгалдандыруға өз үлесін қосуға ниет білдірген жастарға жаңа еңбек маусымының жолдамалары салтанатты түрде табысталды.

 

Қуаныш Жанұзақов, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Бұл еңбек жасақтарына аймақтан 1500-ге тарта жас қатысады деп жоспарлап отырмыз. Қазір «Жасыл ел» жасағының өзінде 1035 жас жазғы маусымда жұмыс жасайды. Еңбек құрылыс жасағында 300-ден аса жас жұмыс жасайды. Және «Ұлағат ұландары» педогогикалық отрядында 40 жас жазғы тынығу лагерлерінде оқушыларға тәлімгерлермен бірге өз үлестерін қосуда.

 

Еңбекқор жастың бірі — Артем. Ол — «Жас құрылысшылар» жасағының белсенді мүшесі. Қазір бір топ студент Сырдың сол жағалауында бой көтеріп жатқан жаңа қаланың құрылысына атсалысуда. Болашақта сәулетші болуды армандайтын талапшыл жас қазірден құрылыстың қыр-сырын меңгеріп жатыр.  

 

Артём Фёдоров, «Жас құрылысшылар» жасағының мүшесі:

Міне, біз 11 шілдеден бастап жұмысты бастадық. Жаңа үйдің ірге тасын қалап жатырмыз. Маған бұл мамандық ұнайды. Жазда қарап жатпай, еңбек етіп, бір жағынан ата-анама көмегімді тигізудемін. Ертең есейгенде мына үйді біз салғанбыз деп балаларыма айтып марқайып жүретін боламын.

 

Масылдық көзқарастан арылып, адал іске сенген жастардың еңбегі еленбей қалмайды. Ала жаздай еңбек жасақтарында жұмыс істейтін оларға айына 50 мың мен 70 мың теңгенің аралығында жалақы тағайындалған.

 

Ақерке БЕРІКБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу