Әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеу ұсынысы қолдау табуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеу ұсынысы қолдау табуда

30.03.2015
Әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеу ұсынысы қолдау табуда

Егер қызметі нәтижелі болса, саяси қызметшілерге бонус, әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеген дұрыс.

 «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде ұсынылған бұл жаңашылдықты елдегі қаржыгерлер қолдап отыр. 

Павлодарлық Азамат Қағибат 20 жылдан астам уақыт Қаржы департаменті мен аймақтық әкімшілікте жұмыс істеді. Қазір жас мамандарға экономика тақырыбында дәріс береді.

«Мәселен, студент жақсы оқыса, стипендия тағайындалады. Ал, ертеңгі күні мемлекеттік қызметке орналасқан жағдайда белгіленген еңбекақыға қарап қалады. Бұл оның жұмысқа деген қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан ынталандырған дұрыс», дейді қаржыгер.

 

Болат АМАНБАЕВ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу