Рекордтық мөлшерде героин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рекордтық мөлшерде героин тәркіленді

14.06.2014
Рекордтық мөлшерде героин тәркіленді
Грекияның құқық қорғау органдары мен АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес әкімшілігі Афиныға жақын маңда рекордтық мөлшерде заңсыз героин тәркіледі. Құны 30 миллион еуро болатын 1 тоннадан астам есірткі затын саудалады деген күдікпен 11 адам ұсталған. Олардан героин тасымалына арналған көліктер және қару табылды. Күдіктілер заңсыз затты құрылыс жабдықтарына арналған 443 қапшыққа жасырып өтпек болған. Полицияның мәліметінше, қылмыскерлер героинды Оңтүстік Америка немесе Таяу Шығыстан тасымалдап, оны Еуропаға жеткізуді діттеген болуы керек.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу