Ұлттық арна арқылы Арыстанбек Мұхамедиұлына 100-ден астам сауал келіп түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна арқылы Арыстанбек Мұхамедиұлына 100-ден астам сауал келіп түсті

23.09.2016
Ұлттық арна арқылы Арыстанбек Мұхамедиұлына 100-ден астам сауал келіп түсті

Әр сәрсенбі сайын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Сұхбат» хабарының кезекті қонағы - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сала басшысына бір сағатқа жуық уақытта телефон және пошта арқылы 139 сұрақ келіп түсті. Солардың арасынан 47 сұрақ іріктеліп алынды.  Қалған сұрақтар  осы  сауалдарда  көтерілген мәселелерді қайталайды. Ең көп сұрақ спорт саласына қатысты болды.

Әлеуметтік желі арқылы келген сұрақтар - 43

Телефонмен келген сұрақтар - 80

Поштамен келген сұрақтар – 16

Бейнесұрақ - 4

Аудиосұрақ - 3

Хабар барасында көпшілікті алаңдатқан Кейкі батырдың бассүйегін елге қайтару мәселесі көтерілді. Министр бұған қатысты бүгін Ресейден хабарлама келгенін, баба басын елге жеткізу үшін бір ғана құжатты мақұлдау қалғанын жеткізді.  «Бұл - 3-4 күннің ішінде шешімін табатын шаруа», - деді А.Мұхамедиұлы.

сұхбат

Жарты ғасыр бұрынғы әйгілі «Қыз Жібектен» кейін елде ұлттық сападағы кәсіби фильм түсіру ісі неге кенже қалды? Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көпсериялы фильмнің жарыққа шықпай қалуына не себеп? Балалар жазушыларына неге қолдау көрсетілмейді? Алыс аймақтардағы ауыл, аудандарға тарихи атауларды қайтару және беру мәселесі қалай жүріп жатыр? Тікелей эфирде кино, театр, музей, кітапхана және  спорт салаларына қатысты осы және өзге де бірқатар сауалдарға жауап берілді.

сұхбат

Айта кететін жайт, хабар барысында жолданған сұрақтардың ешбірі ескерусіз қалмайды. Барлық сауалдардың жауабы алдағы уақытта kaztrk.kz порталында жарияланатын болады.

 

Хабарламаларға жазылу