Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды

17.04.2023

Астанада Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша сот басталды. Процесс Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де күдіктілер отырысқа онлайн режимде қатысып отыр. Себебі елордада қардың қалың түсуіне байланысты айыпталушы сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді. Аталған іс судья Бағлан Ыдырысовтың қарауымен өтіп жатыр. Күдіктілерге бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған. Тергелген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллард теңге деп бағаланды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сотталушыны үйқамаққа жіберуді сұрады. Оның зейнет жасындағы адам екенін, әрі денсаулығы да жарамайтынын айтты. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу