Президенттің Виртуалды қабылдауы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Виртуалды қабылдауы ашылды

17.07.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған онлайн сауалдардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Халық бұған дейін оған Instagram, Twitter желісі арқылы сауалдарын жолдаса, күні кеше Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының Виртуалды қабылдауы ашылды.

Қазірдің өзінде Президентке жеке немесе қоғамдық сипаттағы 1600-ден астам сауал келіп түскен. Әрине, барлық өтінішке әлеуметтік желі арқылы жауап беру мүмкін емес, бірақ шұғыл шешуді қажет ететін күрделі мәселелерді Мемлекет басшысы өз қадағалауында ұстамақшы. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір хаттың ресми тіркелетінін, оны өзі қарап отыратынын мәлімдеді.


 

Хабарламаларға жазылу