Қарағандылық шахталарға тексеріс жүргізілуде
Жер сілкінісі қарағандылық төтенше жағдайлар қызметкерлерін шахталарды кезектен тыс тексеріп шығуға мәжбүр етті.
Қазір барлық кеніш қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл өңірде жер сілкіну қаупі жоқ деп есептеледі.
Арнайы сейсмологиялық орталық болмағандықтан, табиғаттың тосын құбылысының нақты себебін тез арада анықтаудың сәті түспеді.
Әзірге Алматыдағы осы саладағы ғылыми- зерттеу институтының жауабы күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 21-ші маусым күні күндізгі сағат 12.30-да Қарағандының оңтүстік-шығысы мен жақын маңдағы аудандарында жер сілкінісі тіркелді.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, дүмпудің күштілігі 4,8 балға дейін жеткен.
Қуаныш Мүтәллапов, Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Кен орындарының барлығы тексерілді. Бұған жарылыс заттарының қатысы болмағаны анықталды. Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимараттар тіркелген жоқ. Сондай-ақ, зардап шеккен, қаза тапқан адамдар да жоқ.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Ақтөбеде пилоттық жоба нәтижесін бере бастады
06.10.2026, 12:54
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21
Шымкенттің экологиялық ахуалы бақылауда
06.10.2026, 10:17
Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды
06.10.2026, 10:16
Сарапшы: Конституцияда ұлттық ерекшелік пен әлемдік тәжірибе үйлесім тапқан
06.10.2026, 10:11
Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды
06.10.2026, 10:10
Өкпе обасы: Еуропа одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 10:07