Кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Пірмановтар отбасы Қазақстанға 1996 жылы Өзбекстаннан қоныс аударған болатын. Атажұртқа келіп, бәзбіреулер сияқты шіреніп жатып алған жоқ. Шаруа құрып, өсіп-өнудің қамына кірісті. Түйе сатып алып, ферма салды. Былтыр мемлекеттің қолдауымен қоражайына электр желісі тартылды.
Жаңабай Пірманов, «Тамды» шаруа қожалығының басшысы:
Үкімет тарапынан 5 миллион 800 мың теңге бөлініп, 1,5 шақырымға желі тартып берді. Бүгінгі таңда шаруашылығымызда жарық бар. Келешекте шаруашылықты өркендетуге толық жағдай бар.
Жаңабай Пірманов - отбасылық бизнесті ұйымдастырушы. Қазір екі інісі мен ұлы да осы шаруашылықта еңбек етеді. Ұйымшылдықтарының арқасында бүгінде түйе саны 50-ге жетті. Оған қоса 100 шақты қара мал өсіреді. Ал, ең басты қамқоршысы ұлы – Жомарт.
Жомарт Пірманов, ұлы:
Менің міндетім - осы техникамен байланысты. Егін себу бәрі менің мойнымда.
Пірмановтардың ендігі мақсаты – шұбат өндірісін қолға алу. Оған барлық мүмкіндік бар. Болашақта мал санын көбейтіп, сауын фермасын жолға қоймақ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
09.04.2026, 10:20
Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
09.04.2026, 10:18
Түркістанда «Turǵyndar amanaty» семинар-форумы өтті
09.04.2026, 10:16
Биыл зейнетақы жинағының ең төменгі шегі өзгермейді
09.04.2026, 10:14
Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған
09.04.2026, 10:12
Ресейде санкция салдарынан жаппай қысқарту белең алды
09.04.2026, 10:09
Нетаньяху: Соғысты кез келген сәтте қайта бастауға дайынбыз
09.04.2026, 10:07
Ливанда израильдің шабуылынан 254 адам қаза тапты
09.04.2026, 10:04