Қиындықты тек өзіне сенімді адам ғана жеңеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қиындықты тек өзіне сенімді адам ғана жеңеді

16.04.2014
Қиындықты тек өзіне сенімді адам ғана жеңеді
«Қиындықты тек өзіне сенімді адам ғана жеңеді».   Бұл петропавлдық Светлана Фирсованыңөмірлік ұстанымы. Ол - тағдырдың тауқыметіне мойымай, өз кәсібін ашып, қал-қадірінше еңбектеніп жүрген жанның бірі.    
 
Светлана Фирсованың мамандығы - агрохимик. Тіпті, бұл салада 17 жыл еңбек еткен. Бірақ, тоқырау жылдары топсасы қираған ауыл шаруашылығы саласынан жұмыс таба алмаған соң кәсіпкерлікке бет бұрды. 
 
Светлана Фирсова, кәсіпкер, ІІ топтағы мүгедек:
4 жыл бұрын Жұмыспен қамту орталығына барып, арнайы курста оқыдым. Сертификат алып, өз кәсібімді бастадым. Табысым жетеді.
 
Әшекейге қызықпайтын әйел жоқ. Сондықтан, кәсіпкер сұранысқа сай тауар жасайды. Ал, емдік қасиеті бар тастарды безендіріп, бұйымға айналдыру екінің бірінің қолынан келмейді. Светлана бұл істі еркін меңгерген.
 
Светлана Фирсова, кәсіпкер, ІІ топтағы мүгедек:
Химияландыру станциясында 17 жыл істедім. Бірақ, тоқырауда қысқартуға ілініп, жұмыссыз қалдым. Қазір менің жасымдағы әйелдерді ешкім жұмысқа алмайды. Амалсыздан осы іске кірістім. Бірақ, қазір осы кәсіптен рахат табамын. Өйткені, әйелдерге әдемілік сыйлау қуаныштың зоры.
 
Светлана – ІІ топтағы мүгедек. Үш баласы бар. Оларды бағып-қағу, жетілдіру өзінің мойнында. Бұл сауданың пайдасы шаш етектен демесек те, әжептәуір кіріс көзі. Сондықтан, мемлекеттің қолдауын пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жүр. Ең бастысы, өмірден түңілген жоқ.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу