Қазақстанға еркін ойлы, өзіне сенімді жастар қажет - Перуашев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға еркін ойлы, өзіне сенімді жастар қажет - Перуашев

04.01.2021

«Қазақстанға еркін ойлы, өзіне сенімді жастар қажет». «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Алматыда жастармен өткен кездесуде осылай мәлімдеді.  

Үгіт-насихат науқаны аясында партия төрағасы Азат Перуашев кәсіпорын жұмысшыларына сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Ақ жол» басшысы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын да көтерді. Шараға қатысқан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігімен және болашақта атқарылатын жобаларымен танысып шықты.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы: 
-99 пайызы қызметкерлердің жас жігіттер мен қыздар. Әрине, осындай электоратпен сөйлесу, кездесу өзіме де әсерлі болып отыр.  

Жиынға қатысушылар да өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Демократиялық партия өзінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру үшін және сайлаушылардан келіп түскен өтініштер бойынша әлі де үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыра бермек.   


Қуан Нұрақын   


Хабарламаларға жазылу