Түркістан қаласында құрылысшылар мұқтаж жандарға үй салып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласында құрылысшылар мұқтаж жандарға үй салып берді

12.08.2022

Өз мерекелерінде өзгелерге қуаныш сыйлады. Түркістан қаласында құрылысшылар баспанаға мұқтаж бірнеше отбасына жаңа үй салып берді.

Баспаналы болған отбасылардың барлығы да көмекке мұқтаж отбасылар. Кейбірі тіпті бұған дейін вагонда тұрып келген. Осыны ескерген құрысшылар оларға екі ай ішінде баспана тұрғызып берді. Бүгін өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жаңа баспананың кілтін тапсырды. Мұқтаж жанұяларға тапсырған үлкен үй төрт пәтерден тұрады. Барлығы қажетті жиһазбен, тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген. Күтпеген жерден баспана кілтін алып, қуанышқа кенелгендер көз жастарына ерік беріп, құрылысшыларға алғыстарын жаудырды.

Гүлзахира Абтолова, қала тұрғыны:

Мынандай үмітке ілінем деп ойламаған едім. Биыл енді не істерімді білмей жүрген едім. Балаларымды қай жаққа оқытарымды. Ойламаған жерден түс көргендей болдым да қалдым. Бүгін ас береміз деп шақырғаннан кейін келгенбіз. Үй аламын деп ойламадық.

Балғабай Нұрсейітов, құрылыс компаниясының өкілі:

Адамдар бір-біріне жақсылық жасаса, мейірімді болса, сонда қоғам алға жылжиды деген оймен жүрміз ғой. Өзімізде қуаныштымыз, өз балаларымызға соққандай болып жатырмыз. Құрылысшылардың бәрі қуанып жүр.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу