Ұлттық арна «Мың алғыс» қайырымдылық шарасын өткізді
Алғыс айту күніне орай «Қазақ радиоларының» «Мың алғыс» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтіп, 10-даған адам қуанышқа кенелді.
Олар радионың «Мың алғыс» хабарынан көмек сұрап хабарласқан жандар. Мәселен, мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергенов есімді азаматқа бүгін жомарт жандар тарапынан жиналған 18 миллион 500 мың теңге табысталды. Сондай-ақ, баспанаға мұқтаж үш отбасы пәтер кілттерін алып, шаттыққа бөленді. Шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, одан түскен қаражат лейкозға шалдыққан Айғаным есімді бүлдіршінге берілді. Жалпы, осы «Мың алғыс» жобасы басталғалы 90 миллионнан астам қаражат жиналып, 10-даған науқас дертіне операция жасатқан.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05