Қостанайда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілті табысталды

15.08.2019

Премьер-Министр Қостанайда ағайынды Аңқауовтардың сурет көрмесін тамашалады. Туа біткен дерттен ағайынды төрт жігіттің жүріп-тұруы қиын. Соған қарамастан, талантымен елді тамсандырып жүр. Олар панно-аппликация стилінде сурет салады. Ағайынды шеберлер бейнелеу өнерінде матаның орынына қой жүнін пайдаланады. Тың туындылары талай көрме, байқауларда үздік деп бағаланды. Аңқауовтардың өнеріне риза болған Үкімет басшысы өз қолымен ағайындыларға қос пәтердің кілтін табыс етті.

Нұрлан Смағұлов, меценат:
Мен олардың өнеріне тәнті болдым. Ең бастысы өмірге деген құлшыныстары, шығармашылық қабылеттерін дамытуға деген ұмтылыстары қуантады. Олардың ноу-хау дерлік жаңашылдығы көп. Және халықаралық денгейде танымал. Бүгін осы жігттерге пәтер кілтін табыс етіп жатқанымызға мен өте ризамын.

Бағлан Аңқауов, суретші:
Баспанаға ие болып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Әрі қарай кәсібімізді, өнерімізді дамытуға үлкен үлес деп есептейміз. Себебі біздің алдағы қойған мақсаттарымыз өте көп.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу