Қостанайда 110 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 110 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды

23.01.2023

Қостанайда 110 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. «Юбилейный» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған. Мұндағы 22 пәтер жетім балаларға, 30 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. Қалғанына басқа да әлеуметтік аз қамтылған, мемлекет жәрдеміне мұқтаж жандар қоныстанды. Бұл пәтерлердің бәрі баспана кезегінде тұрғандарға тегін беріліп отыр.

Гүлдана Қамзина, қала тұрғыны:

Көпбалалы отбасыларға мүмкіндік беріп отырғаны үшін мемлекетке рахметімді айтамын. Бұл біз үшін көптен күткен қуаныш. Көп-көп рахмет! 


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу