11 баланы бауырына басқан батыл ана
Елордада Балалар ауылы бар. Онда ата-ананың қамқорлығынан айырылған жеткіншектер кәдімгі отбасылық жағдайда тәрбиеленеді. Қазір мұнда 14 отбасы бар. Жанар Рақымбаева - 11 баланы бауырына басып, өмірін осы балғындарды тәрбиелеуге арнаған жандардың бірі.
Осыдан 14 жыл бұрын ол кезде 28 жастағы Жанар ең қиын әрі маңызды шешім қабылдады - ол өзінің жеке басының қамын ойлаудан, тұрмыс құрудан бас тартып, осы жолды таңдады.
Жанар Рақымбаева, ана-тәрбиеші:
Жалғыздық құдайға ғана жарасқан деген пікірмен мен келіспеймін. Ешқандайда жалғыз емеспін. Жанымда қаптаған бала. Өзімді жалғыз сезінбеймін.
Өзіме қатты бауыр бастым. Бір адам маған балаң тәрбиесіз, бетімен кетіпті деп айтқан жоқ. Сондықтан мен өзімнің балаларым үшін жауап бере аламын. Ұялмаймын. Өзінің ұшқыр ойы болса, ақылдылығы болса, парасаттылығы болса. Оның барлығы жанұядан емес пе?!
Осы балаларды ешкім нықтап, зорлап менің мойныма асып берген жоқ. Осы балаларды өзім алдым. Мамалап тұр. Бір күні жылайды, бір күні ренжиді, бір күні қуанады. Бала деген солай өспейді ме. Кім не демейді. Өзім бір 20-30 жылдаң соң болсын осы балалардың бір рахатын көремін. Сол кезде ел де біледі, өзім де білемін.
Ләззат БЕКТАС
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11