Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
Қарағанды облысы Нұра ауданында шегіртке басқан алқабтарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Осыдан бірнеше күн бұрын аймақтағы егін алқаптарыда итальяндық пурс жәндігі қаптағаны жайлы ақпарат тараған. Жауаптылардың айтуынша, қазір үйірлі шегірткелер толықтай залалсыздандырылып, жағдай бақылауға алынған. Одан бөлек аймақтағы басқа да алқабтарда алдын алу жұмыстары жүргізілмек. Былтыр өңірде шегірткенің саяқ түріне қарсы 3200 гектар жерге дәрі себілген. Шегірткелер егінге, шалғынды жерлерге аса көп зиян келтірмесе де, көбейіп кетсе қауіпті.Сондықтан зиянкестерге қарсы улау жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, оған қажетті химиялық заттар, құрал-жабдықтар, жанармай алынып отыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06