«Әйелдерге гүл сыйлаңдар» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйелдерге гүл сыйлаңдар» акциясы өтті

08.03.2014
«Әйелдерге гүл сыйлаңдар» акциясы өтті

Әр әйелдің өміріндегі ерекше сәтте оған гүл сыйлау дәстүрге айналған. Осы орайда Әйелдер мерекесі қарсаңында Орал қаласында ерекше акция ұйымдастырылды.

 
Облыстық  «Азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, көшеде кездескен қыз-келіншектерге тосынсый жасады. Гүлге теңейтін әйелдерге  раушан мен қызғалдақтарды тарту етіп, оларды ерекше қуанышқа бөледі. Әйелдерге мерекелік көңіл күй сыйлаған шара шаһардың бірнеше жерін де ұйымдастырылып, кейін концерттік бағдарламаға ұласты. 
 
Тәнзила Қайбалиева, қала тұрғыны:
Әйелдер мейрамы ол бәрімізге де өте күш-қуат беретін, гүл сияқты гүлдеп, осы қыстан шыққанда барлық аналардың бір қуанып, жүгіріп жүретін мейрамдарының бірі. Кешеден бері сыйлық алып, жан жақтан құттықтаулар естіп жатырмыз.
 
Қарлығаш Темірғалиева, қала тұрғыны:  
Біріншіден, қуаныштымыз, бүгінгі мейрамды сезіндірді. Енді барша әйел қауымына бақыт тілейміз.
 
 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу