Лондонда Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға ризашылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға ризашылық білдірді

29.09.2022

Ресейден келген азаматтарға қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айту акциясы Лондонда өтті.

Оны Ресей демократиялық қауымдастығы ұйымдастырған. Белсенділер Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдына жиналды. Гүл шоқтарын қойып, «рақмет» деп жазылған плакаттар қалдырды. Олар қазақстандықтарға қонақжайлығы мен жомарттығы үшін алғыс білдірді. Мұндай шара Финляндия, Армения, Грузия сияқты мемлекеттердің елшіліктері алдында да өткізілді. Белсенділер бұл бастама әлем бойынша қолдау табады деген үмітте.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу