Елімізде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

06.12.2018

Қазақстан әйелдерінің 22 пайызы психологиялық, ал, 17 пайызы жыныстық зорлықтың құрбаны екен. Бұл - ресми дерек. Ал, «БҰҰ - Әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілдігі: «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болатын қыз-келіншектер саны бұдан да көп»,-дейді. Міне, сондай әйелдердің құқығын қорғап, оларға көмек көрсетудің амалдарын іздеу үшін елімізде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Оның шеңберінде Астанада үлкен жиын өтті. Шараға өңірлерден әйелдерге арналған дағдарыс орталықтарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, қазір елімізде мұндай 31 орталық бар. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге қолдау көрсетіп, өздерін қорғай алуы үшін арнайы нұсқама береді. Биыл 9 айда 50 мыңнан астам әйелге нұсқама беріліп, 5 мыңдай құқық бұзушыға шара қолданылған.

Марат Омартайұлы, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» орталығының меңгерушісі (Түркістан облысы):

- Күйзеліс, дағдарыс жағдайынан шығару - біздің сектордың жұмысы. Мекемеде психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Басқа да қолдан келетін агрессорға қарсы қорғаныс нұсқамасы беріліп, бір ай көлемінде олармен жұмыс жасалады.

 Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу