Жаңақорған ауданының орталығы су астында қалды
Қызылордада Жаңақорған ауданының орталығы толықтай су астында қалды. Жыл сайын дәл осы уақытта Сырдарияның «тосын мінезінен» сақтанатын жұртшылықты биыл қар мен жаңбыр әбігерге салуда. Одан бөлек, таудағы мұздақтар еріп, су бүкіл кенттің көшелерін басып қалды.
Феруза Әміртағаева екі күннен бері үйден шыға алмай отыр. Бала-шағасымен бірге тек терезеге телміруде.
Феруза Әміртағаева, зейнеткер:
Алақандай ғана аудан, бір көшені дұрыстап ұстай алмайды. Әйтеуір, үйдің ішінде жанымызды Алла сақтасын, деп отырмыз.
Әйел, бала-шаға осылайша, үй ішінде жан сақтаса, еркек атаулы көшеде жүр, қолдарында күрек. Әркім өз қамын өзі жасауда. Қапқа құм толтырып, әр адам өз баспанасының айналасын бекітіп жатыр.
Ақерке Берікбекқызы, тілші:
Таудан аққан судың екпіні қатты. Бүкіл Жаңақорған ауданының орталығы су астында қалды. Ал биліктің мәселені шешуге шамасы жетер емес.
Аманкелді Тұрсынбаев, Жаңақорған кентінің тұрғыны:
Әкімдік бұл жерді көрді, ешқандай шара қолданған жоқ. Өз күндеріңді өздерің көріңдер, дейді. Халық көшенің бойында шулап жүр.
Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, 17 техника жұмысқа жұмылдырылған. Бірақ, сонда да су тасқынын ауыздықтау мүмкін болмай тұр.
Қаржыбек Бүркітбаев, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары:
Төтенше жағдайға бөлінген 13 миллион теңге қаражат бар. Алдын алу шаралары атқарылып жатыр.
Қазір барлық төтенше жағдай қызметі Жаңақорған ауданында. Қолдан келгенше қарекет жасалып жатыр. Бірақ, халық алаңдаулы. Үйі су астында қалып, көше кезіп, не істерін білмей дал болып жүргендері де бар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21
Шымкенттің экологиялық ахуалы бақылауда
06.10.2026, 10:17
Ұлы дала мәдениеті Белградта таныстырылды
06.10.2026, 10:16
Сарапшы: Конституцияда ұлттық ерекшелік пен әлемдік тәжірибе үйлесім тапқан
06.10.2026, 10:11
Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды
06.10.2026, 10:10
Өкпе обасы: Еуропа одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 10:07
Халық кеңесінде өңірлерді дамыту мәселесі қаралды
06.10.2026, 10:05
Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі
06.10.2026, 10:03