ТМД туризм жылын жоғары деңгейде өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД туризм жылын жоғары деңгейде өткізбек

13.02.2014
ТМД туризм жылын жоғары деңгейде өткізбек
2014 жыл Тәуелсіз Елдер Достастығы мемлекеттерінде Туризм жылы болып жарияланды. Яғни, биыл осы елдердің туризм саласы қарқынды дамиды. Ол мәселелерді Астанадағы «Риа-Новости»  баспасөз орталығында Астана-Мәскеу-Киев-Ереван-Кишинев қалаларынан бейнекөпір арқылы байланысқан жауапты тұлғалар талқылады.
 
Олар өз елдерінде туристерді тартудың барлық шараларын жасап жатқанын жеткізді. Мәселен, Армения Республикасы экономика министрінің орынбасары Сергей Аветисянның айтуынша, елде кәуәп, арақ-шарап, кофе, қолөнер бұйымдарының фестивалі өтеді. Ол мерекелік шараға әріптестерін шақыруды да ұмытпады.
 
Керісінше, Украина туризм жылын тойлайтын жағдайда емес. Саяси дүрбелеңнің кесірінен, онда туристер аяқтарын аттап баспайды. Сондықтан, «әліптің артын бағуымыз керек»,- дейді украиндік өкіл.
 
Ал Қазақстан өкілдері биыл EXPO-2017 көрмесіне қызу дайындықтың басталатынын айтты. Сондықтан, жоспар да, жұмыс та көп.         
   

Хабарламаларға жазылу