Қазақстан ТМД елдерінің туризм кеңесіне төрағалық етеді
Қазақстан 2015 жылы ТМД елдерінің туризм кеңесіне төрағалық жасайтын болады. Бұл туралы Мәскеуде өткен «ТМД және өзара іс-қимылдардың жаңа үлгісі» атты халықаралық экономикалық форумда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.
«2015 жылы Қазақстан ТМД елдерінің туризм жөніндегі кеңесіне төрағалық жасайтын болады. Жалпы, қазақстандық тарап туризм жылы бойынша іс-шаралар жоспарына 20 тармақ енгізіп отыр. Бұл бастаманы республиканың барлық өңірлері қолдап, өздерінің де шараларын ұсынды», - деді ол.
Бұл туралы аталмыш комитеттің баспасөз хабарламасында айтылған.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм жөніндегі кеңесі 1994 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина өкілдері кіреді. Кеңес ТМД елдерінде туризмді дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеуге баса назар аударады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05