Ардагер дипломаттар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагер дипломаттар марапатталды

15.01.2014
Ардагер дипломаттар марапатталды

Бүгін Алматыда Қазақстанның ардагер дипломаттары Сәлім Құрманғожин мен Қайыр Омаров «Құрмет» орденімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Сыйды Сыртқы істер министрі  Ерлан Ыдырысов табыстады. Мемлекетті басқаларға танытуда  дипломаттың жұмысы орасан.

 
Сәлім Құрманғожин Қазақстанның дипломатиялық қызметінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Қайыр Омаров та Қазақстанның сыртқы саясат мәселелерін  алғаш реттеген азаматтың бірі. Құрмет пен қошеметке лайық қос азаматқа  салтанатты жиында «Қонаевқа 100 жыл» медалі де табыс етілді.
 
Сәлім Құрманғожин, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкер:
Осы орденді бергеніне рахмет. Келешекте де қызмет етеміз.
 
Қайыр Омаров, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкер:
Кеңес үкіметі кезінде қазақ дипломаттары жұмыс істеп жүрді, әрине. Бірақ, олар сыртқа барған кезде «қазақпын» десе, ол қандай халық екенін білмейтін кездер болған. Қазір  қазақ елін, жерін, халқын дүниежүзі таниды.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу