«Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлері жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлері жылды қорытындылады

28.12.2017
«Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлері жылды қорытындылады

Бүгін «Қазмедиа орталығында» «Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлерімен 2017 жылды қорытындылауға арналған жиын өтті. Жиын барысында «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек бір жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, шарада  «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин радио қызметкерлерін марапаттады.

Корпорациядағы мінсіз қызметі мен шығармашылықтағы елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен төмендегі қызметкерлер марапатталды:

1.  «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек; 

2.  «Qazaq» радиосының ардагер журналисі Бөлебаев Әбдіралы Ақылбекұлы;

3.  Қазақ радиосының ардагер журналисі Зарлы Қойшығұл Мұстафаұлы.

Сондай-ақ, Копорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Басқарма төрағасының Алғыс хатымен Қапышова Ләззат Мейрамханқызы марапатталды.

Шара соңында Басқарма төрағасы Е.Қарин «Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлеріне алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу