Алматы политехникалық колледжінде студенттердің әскери шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы политехникалық колледжінде студенттердің әскери шеруі өтті

04.05.2018

Алдағы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде студенттердің әскери шеруі өтті. Шараға соғыс және тыл ардагерлері мен ауған соғысына қатысқан жауынгерлер қатысты. Ел дамуына үлес қосқан азаматтар, ардагер ұстаздар арнайы төс белгілермен марапатталды. Ал, колледждің алғашқы әскери дайындық курсында оқитын жастар бірнеше топқа бөлініп, сапқа тұрды. Олар біркелкі саппен жүру, туды тапсыру сияқты бірнеше жауынгерлік тәртіптерді орындау бойынша өзара сайысқа түсті. Сөз алғандар бұл мерекелердің жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеуге қосар үлесі зор екенін жеткізді.

Сәкен Нүсіпбеков, ардагер ұстаз:

- Жастарменен кездесіп, сөйлестік. Олар бізді мерекемен, Жеңіс күнімен құттықтап жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу