Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер шаңғымен жүгіруден президенттік тест тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер шаңғымен жүгіруден президенттік тест тапсырды

22.01.2019

Спорттық жарыс барысында медицина мекемелерінің қызметкерлері арнайы шара өткізді. Олар ашық аспан астында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған дәріс оқыды. Сондай-ақ, қатысушыларға қорапшасында «Жемқорлыққа қарсы вакцина» деген жазуы бар дәрумендерді тегін таратты. Бұдан соң дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлері аяқтарына шаңғы байлап, көпшілікпен бірге жарыс жолына шықты.

Айта кету керек, жыл басынан-ақ аймақтағы екі бірдей қалада жемқорлық дерегі тіркелді. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен Ақсу қалалық Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталған.

Айнұр Исеева, Павлодар қалалық №1 емхананың бөлім меңгерушісі:

- Медицина қызметкерлерінің атынан біздің қоғамдық ортада жемқорлық болмасын дейміз. Сондықтан осындай вакцина таратудамыз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу