Павлодарда мемлекеттік қызметшілер президенттік норматив тапсырды

20.06.2015
Павлодарда мемлекеттік қызметшілер президенттік норматив тапсырды

Бүгін Павлодар қаласының орталық алаңында 170-тен аса мемлекеттік қызметші президенттік тест нормативтерін тапсыруға қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық дене шынықтыру бөлімінің басшысы  Ардақ Торсықбаевтың мәлімдеуінше, спорттық шараға қызығатындардың саны жыл сайын артып келе жатыр.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен еліміздің түкпір-түкпірінде президенттік тест тапсыру айлығы өтуде. Осыған орай Павлодар қаласының мемлекеттік қызметкершілері спорттық шарада белсенділік танытпақ. Әйел адамдар - 1000, ер азаматтар 2000 метр қашықтыққа жүгіреді», - дейді А. Торсықбаев.


 

Хабарламаларға жазылу