Астанада қызметкерлер арасында спартакиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қызметкерлер арасында спартакиада басталды

31.01.2015
Астанада қызметкерлер арасында спартакиада басталды

Бүгін Астанада Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында бірінші қалалық спартакиада басталды. Аталған жарыста 13 команда сынға түсуде. Бір айға созылатын сайыста қатысушылар спорттың 7 түрінен, волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, бильярд және шаңғымен жүгіруден үздіктерді анықтайды. Соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда белгілі болмақ. Шараның басты мақсаты  қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға шақыру. 

Хабарламаларға жазылу