Спринттік бәсекелер аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спринттік бәсекелер аяқталды

11.02.2014
Спринттік бәсекелер аяқталды
Сочи Олимпиадасындағы шаңғымен жүгіруден ерлер мен әйелдер арасындағы спринттік бәсекелер аяқталды.
 
Ерлер арасында 1800 метр қашықтықта жарысқа шыққан  Николай Чеботько, Денис Волота және Денис Рагозин арасынан Чеботька ғана іріктеу кезеңінен өткен болатын.
 
Алайда, екінші сында оның жолы болмады. Сол секілді әйелдер арасында екі аруымыз бақ сынаған болатын. Елена Коломина мен Татьяна Осипова бірінші кезеңнен-ақ қарсыластарының соңынан келіп, жарыстан шығып қалды.

Хабарламаларға жазылу