Ардагер футболшылардың жолдастық кездесуі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагер футболшылардың жолдастық кездесуі

25.09.2018

Астаналық ардагерлер құрамасы мен алматылық ардагерлер құрамасы футболдан жолдастық кездесу өткізді. Спорттық сайыс Астананың Алматыдағы мәдени күндері аясында және елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған.

«Қайрат» пен «Цесна» құрамында ойнаған ардагер футболшылар жолдастық кездесуге тас-түйін дайындалыпты. Астаналық құраманың сапында Кеңес одағының еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. Олардың ең үлкені 60 жаста.

Алматылық құрама да осал болған жоқ. Руслан Балтиев бастаған ардагер ойыншылардың ішінде кезінде «Қайрат» пен «Қазақстан» құрамасында өнер көрсеткен футболшылар болды. Жолдастық кездесу алматылық ардагерлердің жеңісімен аяқталды.

Айта кету керек, ардагерлер құрамалары арасындағы футбол соңғы жылдары жиі өтіп жүр. Мұндай командалар ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ойыншылары белсенді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу