Қазақстан мен Қытай кикбоксшыларының кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай кикбоксшыларының кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

24.07.2014
Қазақстан мен Қытай кикбоксшыларының кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты  өтеді

25 шілде күні Астана қаласындағы «Rixos President Astana» қонақүйінде кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай құрама командаларының  жолдастық кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты  өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру  істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігі осы жылдың 26 шілдесінде Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының  жолдастық кездесуін өткізгелі отыр.

Мақсат – екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау. 7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды.

Дүбірлі додада ел намысын Әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев,  Әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, Әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов қорғайды.

Екі ел спортшыларының жолдастық кездесуі WAKO ережесі бойынша өтеді.

Жарыстың өтетін жері: Астана қаласы,  «Дәулет» ұлттық теннис орталығы

Басталуы: 19:00-де

             

Хабарламаларға жазылу