Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Қырғыз футболшыларын ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Қырғыз футболшыларын ұтты

10.04.2015
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) Қырғыз футболшыларын ұтты

Карлес Марторелл шәкірттері Қырғыз елінің жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Матч қазақстандық футболшылардың басымдығымен өткенімен, бір ғана гол соғылды. Голдың авторы - Батыр Құдайбердінов. Ол есепті 11-ші минутта ашты.

Қазақстан құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар: Бекмырза, Михайлов (Аманжол), Сүйінов (К), Бортай, Кусяпов (Ярков), Жақыпбаев (Серіков), Кан (Орал), Жақсылық, Құдайбердінов, Пайруз, Таласбаев (Айманов). Резерв: Сазонов, Тұрсынбай, Байтен, Бубненков.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын жалғастырады және оның аясында екі жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы 1999 жылғы футболшылардан құралған Тараз қаласының «Монтажник» командасы болмақ. Бұл ойын 13 сәуірге жоспарланған.

 

Фото: kff.kz

 

Хабарламаларға жазылу