Футболдан Ұлттық құрама дайындық үстінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Ұлттық құрама дайындық үстінде

05.06.2014
Футболдан Ұлттық құрама дайындық үстінде

 

 
7 маусымда футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Венгрия футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Қарсылас команда ФИФА рейтингінде 44-ші орында болса, УЕФА тізімінде 25-ші сатыға жайғасқан.

 

 

 
 
 Ұлттық құрама деңгейінде екі ұжым бұған дейін кездеспеген. Ресейлік маман Юрий Красножан жаттығу жиындарына жастар құрамасынан бірнеше футболшыны шақырған. 
 
Ал команда капитаны міндетін атқаратын футболшының есімі әзірге белгісіз. Бас бапкердің айтуы бойынша, капитанды ойыншылар өздері сайлайды.
 
Жолдастық кездесу Будапештегі «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.
 
Юрий Красножан, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері:
Футболшылардың деңгейіне келетін болсақ, дәл қазіргі сәтте өз командаларында ерекше көзге түсіп жүрген футболшыларды шақырып отырмыз. Үздіктердің бәрі құрама қосынында деуге де келмес, кейбіреуі жарақатына байланысты құрамаға қосыла алмады. Бірден футболшылар деңгейін жоғарылата қоймаспын. Дегенмен алдағы матчта қалайда нәтижелі ойын көрсетуге тырысамыз. 
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу