«ВІ-Жұлдызай» спартакиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ВІ-Жұлдызай» спартакиадасы басталды

17.09.2018

Астанада ерекше балаларға арналған «Жұлдызай» спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа республика бойынша 3 мың үміткердің арасынан іріктелген 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала қатысуда.

Олар футбол, голбол, жеңіл атлетика, жүзу, стол теннисі және асық ату мен бес тас ойындарынан өзара мықтыны анықтайды. «Осындай жарыстар арқылы болашақ паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын дайындаймыз», -  дейді ұйымдастырушылар. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мұндай шараларға әркез қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінгі спартакиаданы батылдық пен төзімділіктің, қайрат пен қажырлықтың салтанаты деп айтсақ ешқандай артық болмайды. Еліміздің барлық облыстарынан балалар келіп, өздерінің өнерлерін, спортқа деген құлшынысын көрсетуге дайын екенін көріп отырмыз. Барлық спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз. 

 Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу