Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

20.04.2015
Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің  іріктеу кезеңі басталды

Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық байқауының іріктеу кезеңі басталды.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бес мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Өнерпаздар барлығы алты аталым бойынша бақ сынасты.

Қазылар алқасы өзгелерден оқ бойы озық шыққан қатысушыларды келесі кезеңге іріктеп, жеңімпазды 1-маусым күні анықтайды.

Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған фестивальге 20 мыңнан астам өнерпаз қатысып, оның үш мыңнан астамы еліміздің үлкен сахналарында өнер көрсеткен.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ 

Хабарламаларға жазылу