Қызылорда қаласында «ҚазМұнайГаз» ұжымдарының ІII Спартакиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласында «ҚазМұнайГаз» ұжымдарының ІII Спартакиадасы басталды

23.09.2014
Қызылорда қаласында «ҚазМұнайГаз» ұжымдарының ІII Спартакиадасы басталды

Қызылордада 22-26 қыркүйек аралығында өтетін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді компаниялары ұжымдарының арасында III Спартакиада басталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс қызметі хабарлайды.

Биыл Спартакиада Қызылорда қаласындағы «ҚазГерМұнай» БК ЖШС базасында өтіп жатыр. Бұған дейін 2012 және 2013 жылдары Астана мен Жаңаөзен қалаларында өткен.

Спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы»,  ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Орал Ойл Газ» ЖШС,  «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» ЖШС құрама командалары қатысуда. Сондай-ақ, Астана, Орал қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан барлығы 300-ден астам мұнайшы жиналды. 

Бес күн бойы мұнайшылар волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, қазақша күрес пен тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен сайысқа түседі.

Хабарламаларға жазылу